Меню KDT

1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталады!

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдын 31 тамызына дейін жалғасады


ҚР «Білім туралы» Заңына сайкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ак, қағаз нұскада 1 сәуір - 31
тамыз аралығында тапсыруға болады.

🔹Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінен, өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың, денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

✔️ Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе баска заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру
құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы кұжаттарды ұсынуы керек.

📌 Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!


Комментариев нет
Просмотров: 28
Автор: 13mektep
Сайт: astanash13.edu.kz
Добавлено: 18.03.2025 в 18:24