Меню KDT

ОБЩЕЕ ПРАВИЛО V- Республиканского конкурса среди исполнителей «Абыз – домбра...» в рамках проекта «Академическая мобильность»


Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК

Байқауды өткізу форматы: Дәстүрлі форматта (оффлайн)

 

Өткізілетін орны: Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі

Өтетін мекен-жайы: Абай даңғылы 74/1

Өткізілетін уақыты: 16.11.2024 жыл

Өткізілетін уақыты: 09.00-18.00

 

Байқауға қатысатындар: Республикалық қосымша білім беру ұйымдары: балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің оқушылары (арнайы мамандандырылған музыка мектептері қатыса алмайды).

 

Байқаудың мақсаты: қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, ғасырлар бойы әрбір қазақ отбасының төрінен орын алып келе жатқан қасиетті қара домбыраның мәртебесін көтеру, сондай-ақ, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту.

 

Байқаудың міндеттері:

-қазақ күйлерінің тарихын білу;

- дарынды жас таланттарды анықтап оларды қолдау;

- сахна мәдениетін дамыту;

- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру.

 

Байқаудың шарттары мен тәртібі:

Байқау сайыскерлердің жас ерекшелігіне сәйкес 3 топ бойынша өткізіледі:

  • кіші топ (8-10 жас)
  • орта топ (11-13 жас)
  • үлкен топ (14-16 жас)

Қатысушы шығарманы орындаған кезде ең алдымен өзін таныстыруы керек, күйдің авторы мен шығу тарихы жайлы мәлімет беруі тиіс.

Байқауға қатысушы қазақтың ұлттық киімімен отыруы керек.

 

Кіші топ (8-10жас) пен орта топ (11-13 жас) бағдарламасы:

- Қатысушы өз таңдауы бойынша екі мектептен (Арқа, Алтай-Тарбағатай, Жетісу, Қаратау, Жиделі-Байсын, Түбек, Орда күйшілік мектептері) 1 күйден орындауы тиіс. 

Үлкен топ (14-16 жас) бағдарламасы:

1-шығарма: Арқа мектебінен Тәттімбет Қазанғапұлының 1 күйі

2-шығарма: Алтай-Тарбағатай, Жетісу, Қаратау, Жиделі-Байсын, Түбек, Орда күйшілік мектептерінен 1 күй

 

Құжаттарды қабылдау:

 

Астана қаласы әкімдігінің 06.12.2023 жылғы №107-2630 қаулысына сәйкес,  байқау ақылы түрде  өтеді.  Қатысу бағасы – бір балаға 5000 теңге. Қатысу жарнасын төменде көрсетілген QR кодты пайдалана отырып, каспий қосымшасы арқылы төленеді. Байқаудың атауын «Абыз домбыра» деп назначение платежа деген жерге көрсету керек.

 

  • Байқауға төмендегі үлгі бойынша өтінімді dombyra23@mail.ru электронды поштасына 2024 жылдың 11-қарашасына дейін жіберуі тиіс.
  • Өтініммен бірге (төмендегі үлгі бойынша), қатысушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, төлем жасалған түбіртегі ұсынылсын
  • Өтінімде көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді
  • Мерзімінен кешіккен өтінімтер қабылданбайды
  • Өтінімде жетекшінің байланыс телефондары және толық аты-жөнінің болуы міндетті
  • Өтінім word күйінде жіберілуі тиіс (скандалған емес)

 

ӨТІНІМ

Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы,

жасы

Аймақ,

өңір, мектебі

Күй

 

Жетекшінің

аты-жөн(толық), телефоны, электрондық  мекен-жайы

 

 

 

 

1.

 

2.

 

Жауапты педагогтар:

Дихан Нұрдәурен Амантайұлы – домбыра сыныбының оқытушысы, 87476873266

Нуркенова Айдана Нұрханқызы - домбыра сыныбының оқытушысы, 87085431776

(жұмыс күндері 9-00 ден 18-00 ге дейін хабарласу сұралады)

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 20
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: artschool.kdt.kz
Добавлено: 01.11.2024 в 10:40