Ағымдағы жылдың 28 қазанында Петропавл қаласының Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы базасында Қазақ халқының ұлт жанашыры, әдебиеттанушысы, аудармашы, прозашы, публицист Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына арналған «Герольд Бельгер – қазақ тілінің жанашыры» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция өз заманының белгілі әдебиет зерттеушісі Герольд Бельгердің шығармашылығы мен жарияланымдарын көпшілікке кеңінен таныстыру, өскелен ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Салтанатты іс- шараға Қазақстан Жазушылар одағының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Ж. Қ. Сүлейменов, одақ мүшесі- А.Зағыпар, ақын, өлкетанушы, “Асыл мұра” орталығының ғылыми қызметкері Д.А. Баймұқанов, «Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы өңірлік бірлестігінің әдіскері М.Е Курманова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессорлық-оқытушылық құрамы және өңірлік жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері қатысты. Конференция отырысында Герольд Бельгер шығармашылығына жан-жақты баға берілді. Қатысушылар мазмұнды өткен іс-шара үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіре отыра, конференция қорытындысы бойынша өз тараптарынан ұсыныстар білдірді:
-тұрақты түрде, жылсайынғы, оқушылар арасында «Герольд Бельгер оқуларын» ұйымдастыру;
-өңірлік білім беру бағдарламасына әдебиеттанушының монографиялық еңбектерін қосымша білім беру ресурсы ретінде енгізу(элективті курс бағдарламасын әзірлеу);
- қоғам қайраткерінің есімін ұлықтау мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастыру.
Сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткерінің есіміне көше атауын беру туралы ұсыныс жасалды.
Комментариев нет
Просмотров: 404