Бүгін, Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп базасында , «Қала-ауыл» жобасы және бір тұтас бағдарламасы аясында «Қазіргі мектеп: оқу мен тәрбие үдерісінің сабақтастығы арқылы жетістікке 5 жыл» атты мектеп директорлары мен орынбасарларға арналған облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты қазіргі заманғы мектепте оқу және тәрбие, қатар әрі үздіксіз сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы мектептің білім беру сапасын арттыру және осы үдерісті басқарудағы мектеп директорларының біліктілігін жетілдіру, біртұтас тәрбие құндылықтарын пәнге енгізу және сол арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматы тәрбиелеу. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу арқылы білім берудегі инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу және мектептің дамуында стратегиялық жоспарлауды іске асыру.
Аталмыш семинар-практикумға облысымыздың 100-ге жуық мектеп басшылары мен мектеп басшыларының орынбасарлары, сонымен қатар 40-қа жуық ата-аналар қатысуда.
Семинар-практикум барысында 18 ұстаз ашық сабақ өткізіп, мектеп әкімшілігі іс-тәжірибесімен бөлісті.
Комментариев нет
Просмотров: 245