Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Әдістемелік орталық» КММ Шал ақын ауданының білім бөлімімен бірлесіп “Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Әдістемелік орталық» КММ Шал ақын ауданының білім бөлімімен бірлесіп “Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинарға 75-тен астам мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, пән мұғалімдері, тәрбие ісінің меңгерушілері және сынып жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында биология, география, қазақ тілі пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіліп, сабаққа құндылықтарды енгізу арқылы тәрбие мен білім беруді жан-жақты қарастыру мәселелері талқыланды.
Семинар екі мектептің базасында өтті. Сонымен қатар, “Біртұтас тәрбие” секциясы аясында мектепке дейінгі білім беруде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Семинар қорытындысында қатысушылар үшін рефлексия жүргізіліп, олар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.
Комментариев нет
Просмотров: 134