Меню KDT

⚜"УАҚЫТТЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ


⚜"УАҚЫТТЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Мектебімізде 20- қыркүйек күні жалпы ата аналар жиналысы өтті.Жиналысқа қоғамдық ұйым жетекшілері, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, қамқоршылық кеңес мүшелері мен 1-11 сынып ата-аналары қатысты.

⚜Күн тәртібіне 2024/25 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі ерекшеліктер, мектептің ішкі тәртіп ережелері,оқушылар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу туралы мәліметтер беру қойылды.
Мектеп директоры Т.Ажгалиева өткен оқу жылындағы атқарылған істерге тоқталып,оқушылар жетістіктерін атап өтті.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Анесов Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидаларымен таныстырды, мектеп оқушыларының тәртібі, жаңа оқу жылында ата-аналармен жүргізілуге тиісті жоспарланған шараларға шолу жасады.Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.Қыдыршаева «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тәрбиенің үздіксіздігі, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша пікір алмасып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімділігі талқыланып, мақсатымыз жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу екендігін айтты. .
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалып, ұсыныс пікірлер айтылды.
Балаларымыздың жетістіктеріне қуанған ата-ана болуды тілек етіп, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып,ең бастысы ата - аналар болып қолға алып, отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеуге бірлесе жұмыстануға шақырды.

#біртұтас_тәрбие_
атырау
#kurmtarbie2024
#kurm_біртұтас_
тәрбие
#біртұтас_тәрбие


Комментариев нет
Просмотров: 93
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: lomonosova-sh.edu.kz
Добавлено: 14.10.2024 в 11:17