Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық команда, яғни 180 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салды. Облысымыздың атынан қатысқан үш команда – қазақ лигасында «Император», орыс лигасында «Первые в первом» және ағылшын лигасында «LORD» командалары тартысты ойындар көрсетті.
Турнир барысында оқушыларымыз ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Сейдуалиев Еркебұлан «Ең тапқыр ойыншы» номинациясын жеңіп алса, Жукова Елена «Ең білімді ойыншы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушыларды турнирге дайындаған жетекшілерге министрдің атынан алғыс хат табысталды.
Облысымыздың пікірсайыс үйлестірушісі Жармағамбетова Гүлжайнар Асқарқызы да балаларға қосымша білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Балалық шақ досы» медалімен марапатталды.
Бұл турнир жас пікірсайысшылардың интеллектуалды деңгейін көтеріп, болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын білімді ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді.
Комментариев нет
Просмотров: 193