"Саяси қуғын сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу"
Астана қаласы, қалалық әкімдік «Саяси қуғын сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне арналған іс-шаралардың бірі ол - Малиновка кентіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен салынған «Алжир» мемориалды мұражай кешеніне Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп –гимназиясының оқушылары барып, ақпараттар алып, саяси қуғын сүргінге зиялы қауымның бетке ұстары:
Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді
Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа ақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық Комиссарлары Комитеті «Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерьін құру туралы» қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады. Видеоролик арқылы тарихи сол кездегі ашаршылықтың болғанын көзбен көргендей жан ашырлықпен келді.