«Наурыз-Думан»
Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 17-18 наурыз күндері Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-Думан» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында 7-10 сынып оқушылары мектептің бірінші қабатында ән салып, би билеп, дастарқан жайып, мектепке келген оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Мектептің екінші қабатында бастауыш сынып оқушылары өздерінің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, сыныптарында ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен наурыз мерекесін өткізді. Мереке барысында ойнатылған ұлттық ойындар мен «Қаражорға» биі оқушыларды ерекше қызықтырды. Балаларының өнеріне тәнті болған ата-аналардың ризашылығында шек болмады. Мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз құтты болсын,
Дендеріңіз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытқа кенелсін,
Еліміздің несібесі көп болсын!