Меню KDT

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барыс

2014 жылдың 30 қыркүйегінде 5-қазақ сыныптары бойынша «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барысы» атты психология-педагогикалық консилиум өтті. Консилиумге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Залетаева А. Нурекенова А. А. («Кембридж» курсының І деңгейін бітірген),  бастауыш сынып мұғалімдері: Маханова Б. Д., Турабекова М. Б., педагог-психолог Шонаева Б. С., және 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысты. Консилиум барысында бастауыш сынып жетекшілері жеке-жеке сыныпқа мінездеме бере отырып, сыныптағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. 5-сынып жетекшілері сыныптың бүнгі күнгі ахуалына тоқтала отырып, өзгерістер мен жетістіктерін атап өтсе, пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысына және сынып ұжымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Консилиум үшін ең маңыздысы Нүрекенова Алма Абдуахитқызының «Сынып жетекшісі оқушы көзімен», «Сабақ оқушы көзімен», «Пән мұғалімі оқушы көзімен»  атты сауалнамалары болды. Әр сауалнаманың қорытындысын талдау барысында оқушылардың жалпы мектептегі оқуға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне деген көз қарастарын, пікірлерін аңғаруға болды. Сонымен қатар мектеп психологі Шонаева Баян Серікқызы бесінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі кезіндегі алаңдаушылық деңгейлерінің диагностикасы мен оқуға деген мотивациясының деңгейлері зерттеулерінің қорытындысымен таныстыра отырып, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасау кезінде ескерулері қажет шарттарды атап өтті. Консилиум соңында қатысушылар 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу барысында кездесіп жатқан мәселелермен жұмысты нақты бағыттармен жалғастыру жөнініде шешім қабылдады. 
 


2014 жылдың 30 қыркүйегінде 5-қазақ сыныптары бойынша «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барысы» атты психология-педагогикалық консилиум өтті. Консилиумге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Залетаева А. Нурекенова А. А. («Кембридж» курсының І деңгейін бітірген),  бастауыш сынып мұғалімдері: Маханова Б. Д., Турабекова М. Б., педагог-психолог Шонаева Б. С., және 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысты. Консилиум барысында бастауыш сынып жетекшілері жеке-жеке сыныпқа мінездеме бере отырып, сыныптағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. 5-сынып жетекшілері сыныптың бүнгі күнгі ахуалына тоқтала отырып, өзгерістер мен жетістіктерін атап өтсе, пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысына және сынып ұжымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Консилиум үшін ең маңыздысы Нүрекенова Алма Абдуахитқызының «Сынып жетекшісі оқушы көзімен», «Сабақ оқушы көзімен», «Пән мұғалімі оқушы көзімен»  атты сауалнамалары болды. Әр сауалнаманың қорытындысын талдау барысында оқушылардың жалпы мектептегі оқуға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне деген көз қарастарын, пікірлерін аңғаруға болды. Сонымен қатар мектеп психологі Шонаева Баян Серікқызы бесінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі кезіндегі алаңдаушылық деңгейлерінің диагностикасы мен оқуға деген мотивациясының деңгейлері зерттеулерінің қорытындысымен таныстыра отырып, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасау кезінде ескерулері қажет шарттарды атап өтті.
Консилиум соңында қатысушылар 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу барысында кездесіп жатқан мәселелермен жұмысты нақты бағыттармен жалғастыру жөнініде шешім қабылдады. 
 


Комментариев нет
Просмотров: 185
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.10.2014 в 00:00