«Жүректер үндестігі» клубы мүшелерінің өткізетін іс-шарасына Пресс-релиз
«Жүректер үндестігі» клубы мүшелерінің өткізетін іс-шарасына Пресс-релиз
2014 жылдың 24 қыркүйегінде саат 12.00.-де №15 мектеп-лицейінде Өзін –өзі тану пәні мұғалімдеріне “Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат” тақырыбында ашық сабақ өтеді.
Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін ортаға салып, тәжірибе алмасу.
Сабақтың тақырыбы: “Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат”
Мақсаты:
- “ой-өріс”, “ақыл”, “дүниетаным” туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету;
- ақыл-ойларын дамыту;
- ақыл-ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: психология, философия, әдебиет, ән-күй.

Сабақ барысы:
- Ой қозғау: «Ақыл» сөзіне ассоциация жасау
- “Мақалды жалғастыр” ойыны /ақыл-парасат туралы/
Топтық жұмыс:
1 топ – Ақылдың көзі неде? «Ақыл» тобы - Ақыл адам өміріне қалай әсер етеді? /талдау, класстер құру./
2 топ-Ақылдың өлшемі не? «Парасат» тобы - Парасат сөзінің мағынасын ашу үшін әр әріпінен сөз құрап шығару. Мысалы, ПАРАСАТты адам – патриот, ақылды, рухы биік, адамгершілігі мол, сыйлы, тәрбиелі.
3 топ- Ғылым өлшеуі не, зейін өлшеуі не?«Білім» тобы - Білімсіздік қандай жағдайларға жетелейді?/ талдау, кластер құру./
Тапсырма орындалған соң топ басшысы жұмысын қорғайды.
Мәтінмен жұмыс: “Ол - Ақыл” (шешендік сөздерден үзінді). Үш топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.Талдау.
Сахналау: «Ақыл бар жерде...».
Рефлексия: 5 жолдық өлең құрастыру: «Ақыл», «Ой», «Парасат» /Синквэй/
Жүректен жүрекке
Үй тапсырмасы
¡“Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған зор болар” тақырыбына эссе жазу.