День Незвисимости
Ел ордамыз Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық сабағын өткіздік. Оқушыларды кітапхана қызметкері Қосбармақова Күләш Бектемірқызы жылы шыраймен қарсы алды. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін және мемелекеттік тіліміз қазақ тіліне деген құрметіне бөлендік. Бастауыш орыс сыныбының мұғалімдері Балабекова А.Т, Хасенова А.Б және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Минтаева Г.С бірігелесіп отырып «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбиелік ашық сабағын өткізді. Сабағымыз еліміздің әнұранымен басталды. Оқушылардың бойына қызығушылық, патриоттық сезімін, Астанаға деген мақтанышын өлең жырларымен шашу етті. Осы сабақтан оқушылар көп нәрсені біліп меңгерді деп үміттенеміз. Бүгінгі таңда жарқын болашақты құру үшін бізге өткенді ұмытпай болашақты білу керек. Сабақтан соң оқышыларды кітапхана құндылығымен таныстырып, оқушылардың кітапқа деген құштарлығын арттыра түсті деп ойлаймыз. Болашақта осы оқушы жастарымыз тәуелсіздік еліміздің үлкен тірегі болатынына кәміл сенеміз.