Меню KDT

Мектебіммен мақтанам

     Астана қаласының Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің өз жұмысын бастағанына жиырма жыл толды.
     Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы мен ұлттық мәдениетіне,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын,сол тұрғыда өзін таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
  


Мектеп өз шәкірттеріне жүйелі білім, саналы тәрбие беретін орын.Бүгінгі таңда қай мектеп болсын жас буынға болашақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қажетті білім, мәдениетті мінез-құлық дарыту жолында қызмет етеді. Бүгінгі жеткіншек бойына ізгі қасиеттер қалыптастыруда игі қадамдар жасалып жатыр. Қаламыздағы Сыр-бай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп 1993 жылдың 1-қыркүйегінде 45 сынып жинағында 1109 оқушымен өз құшағын «Әл-Фараби» шағын ауданында ашты.
Оқушыларға 63 мұғалім сабақ берді. 240 бүлдіршін 1-сынып табалдырығын аттап, оқушы атанды.Өткен жылдар ішінде оқу-тәрбие жұмысының мағыналы өтуіне көп көңіл бөлінді. Алғашқы күннен бастап мектебімізде халықтық педагогиканы негізге ала оты-рып ұйымдастырылған жұмыс түрлері әлі күнге дейін жалғасын табуда. Мектеп ұжымын алғашқы күннен бастап «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ахмет Базыл Әлдешұлы басқарады. Мектептегі әр ұстаз өзінің басты міндеті ретінде оқушының пәнге деген ынтасын арттыру, сабақ сапсын жақсарту,оның түрлері мен әдістерінің мазмұнын жетілдіру жолында еңбек етуде.Атап айтсам, алғашқы оқу жылынан жақсы ісімен қала көлемінде танылып жүрген ұстаздар аз емес. Олар: Сайрина А.Н.Жұмабай Н.С. Акпарова Б.Т.Татыгужинова К.Қ.Шалабаев Ә.Т.Тынжанова Н.Д.Ерғалиев Қ.Қ., Сарсекеева А.Ж. және тағы басқалар. Өзгеріске толы мына заманда мынау жаңаша, мынау ескіше деп нүкте қою қиын іс. Мектеп ұжымы бүгінде ақпараттандырылған коммуникативті технологиямен жұмыс істейді. Өткен оқу жылында қала көлемінде мұғалімдер ұжымымен оқу-ісінің меңгерушілеріне, мектеп директорларына семинар-дәрістер көрсетілді. 14 мұғалім деңгейлеп оқыту курстарынан өтіп, өз білім дәрежелерін дәлелдеді. Ұстаздар Жұмабай Н.С., Қожахметова Ә.Д., Тукенова Ж.Қ.,  Ахметова Ғ.С., Ахметова Ә.Қ., Әлібекова Г.З., Утенова А.Т., Сайрина А.Н-ның шәкірттері аудандық және қалалық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.                                                1993-2013 жылдар аралығында мектеп 1-сыныптарға 3579 оқушы қабылдаса, 11-сыныпты 1916 түлек аяқтаған. Оның ішінде 19 түлек «Алтын белгі» аттестатымен, 41 түлек үздік аттестатпен мектепті аяқтаған. Мектебімізде 39 мұғалім «жоғары» санатты, ол ұжымның 33%,41 мұғалім бірінші санатты,ол ұжымның 35%құрайды. Осы оқу жылында 300 бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданды,жалпы мектеп оқушыларының саны-2177. Ол 79 сынып жинағын құрайды. Оларға 120 ұстаз дәріс беріп,еңбек етуде. Ел ертеңіне зор сеніммен қарайтын азамат үшін адал да шыншыл,терең біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеуден асқан жауапты міндет болуы мүмкін емес. Соның дәлелі бокстан әлем чемпионы Абуталипов Қанат, дәрігер-кордиолог, Павлодар қаласының бас емханасының бөлім бастығы Дәулет Жақыпбаев, Назарбаев Университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Дәулет Молдабаев ағылшын тілінде жоғары математикадан дәріс берсе, Айтжанов Думан Алматы қаласында белгілі дәрігер-мамолог, Қазақстан Республикасының көк туын асқақтата желбіретіп жүрген Ибрагим Ескендір және басқа да көптеген шәкірттер ұстаздары үшін мақтаныш емес пе...    
 Алдағы уақытта мектеп ұжымы білім берудегі ең озық, заманауи әдіс-тәсілдерге сүйене отырып, өз істерін жетілдіре отырып, ұрпағымыздың абыройлы да білімді азамат болуына атс алысады деп сенемін. Әріптестеріме мектептің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын дей келе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жиырма жыл осы ошақта білім алауын бірге маздатып келе жатқан Жұмабай Нағима Сейітжанқызының өлеңін тарту етемін..                          

                 №37 мектептің 20 жылдығына

                   Арқасына артқан шақта заман жүк,

                   Басқан алға жігер отын жанар ғып,

                   Мектеп деген анамыз ғой ең кемел,

                   Тентектерді шығаратын адам ғып.

 

                   Ай ауысып,зымыраған күндермен,

                   Көшіп барады алға қарай жыл-керуен.

                   Қанша балғын осы ыстық ұяда,

                   Тастүлек боп қанат қаққан,түлеген.

 

                   Алда соқпақ,артымызд сан із бар,

                   Ұшты түлеп сан көсемдер,ғалымдар.

                   Жақсы күнде,жайнаған бұл заманда,

                   Бұл адамзат тек мектепке қарыздар.

 

                   Ғылым нұрын сепкен бізге асыл күн,

                   Кені болған білім менен ақылдың,

                   Келді менің 37-ім жиырмаға,

                   Атын алған Сырбай сынды батырдың.

                                     №37 орта мектептің мұғалімі Аушахманова Амантай Төлегенқызы

 

 

 

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 733
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.12.2013 в 22:34